Есіктің ашық екені туралы дабыл
Тоңазытқышыңыздың есігінің ашық екені туралы дабыл үлгісіне қарай ерекшеленуі мүмкін.
1-нұсқа:
Егер есік нақты бір уақытқа ашық қалса (60-120 сек. аралығы), аудио ескерту сигналы дыбыс шығарады; өнім үлгісіне қарай, визуалды ескерту сигналы (жарықтың жыпылықтауы) да көрсетілу мүмкін. Егер құрылғының есігін жапсаңыз немесе құрылғының экранындағы түймені (бар болса) бассаңыз, ескерту дыбысы тоқтайды.
2-нұсқа:
Егер есік нақты бір уақытқа ашық қалса (60-120 сек. Аралығы), есіктің ашық екені туралы дабыл дыбысы шығады. Есіктің ашық екені туралы дабыл дыбысы бірте-бірте естіледі. Алдымен дыбыстық ескерту естіле бастайды. 4 минуттан кейін есік әлі де жабылмаған болса, визуалды ескерту (жарықтың жыпылықтауы) іске қосылады. Өнім экранындағы кез келген перне (егер бар болса) басылғанда, есіктің ашылғаны туралы ескерту белгілі бір уақыт кезеңіне (60-120 сек. аралығында) кейінге қалдырылады. Кейін қайта басталады. Құрылғы есігі жабылған кезде, есіктің ашылуы туралы ескерту дабылы тоқтайды.