Электрге байланысты қауіпсіздік шаралары
- Орнату, техникалық қызмет көрсету, тазалау, жөндеу және тасымалдау кезінде өнімді розеткаға қосуға болмайды.
- Қуат беру кабелі зақымданса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші, өкілетті сервис орталығы немесе импорттаушы жіберген адам ауыстыруы тиіс.
- Қуат кабелін өнімнің астына немесе өнімнің артына тықпаңыз. Қуат кабеліне ауыр заттарды қоймаңыз. Қуат кабелі майыспауы, жаншылуы және кез келген жылу көзіне тиіп кетпеуі керек.
- Тек түпнұсқа кабельдер. Қиылып қалған немесе зақымданған кабельдерді пайдаланбаңыз.
- Өніммен жұмыс істеу үшін ұзартқыш сымды, мульти-ашаны немесе адаптерді пайдаланбаңыз.
- Портативті бірнеше ұялы розеткалар немесе портативті қуат көздері қызып кетуі және өртке әкелуі мүмкін. Сондықтан бірнеше ұялы розетканы өнімнің артына немесе жанына орнатпаңыз.
- Өнімді қуат көзіне қосар алдында, қуат кабелін орнату сәтінде конденсат ілмегінен (бар болса) алып тастаңыз.
- Пайдаланушы орнатудан кейін электр бөлшектеріне қол жеткізе алмауы тиіс.
- Өнімнің қуат сымын бос тұрған немесе зақымданған розеткаға қоспаңыз. Бұндай розеткаларға қосқанда, қосылым қызып, өрт шығуы мүмкін.
- Аша оңай қол жетімді болуы керек. Егер бұл мүмкін болмаса, электр қондырғысында электротехника саласындағы заңнамаға сәйкес келетін және барлық клеммаларды желіден (сақтандырғыш, ажыратқыш, негізгі қосқыш және т.б.) ажырататын механизм қарастырылуы керек.
- Өнімді таймер секілді сыртқы өшіріп-қосу құрылғыларымен немесе қашықтан басқару құралымен басқаруға болмайды.
- Жалаң аяқ немесе денеңіз дымқыл болғанда, өнімді пайдаланбаңыз.
- Ашаны ылғалды қолдармен түртпеңіз.
- Құрылғыны розеткадан суырғанда, қуат сымынан емес, тығынынан ұстаңыз.
- Розектканың ылғалды, кір немесе шаң емес екендігін тексеріңіз.
- Өнімді қуат үнемдейтін құрылғыларға ешқашан қоспаңыз. Бұл жүйелер өнімге зиянды.